Басты Жаңалықтар Спорт саласының оқыту бағдарламасы өтіп жатыр

Спорт саласының оқыту бағдарламасы өтіп жатыр

Астанада спорттағы «тазалық» пен тиімді басқару мәселелері, институционалды реформалар талқыланып жатыр. Үш күнге жоспарланған іс-шараға спорт саласының халықаралық сарапшылары қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «таза спорт» ұғымы тек допингке қарсы күреспен шектелмейді. Сонымен қатар спорт ұйымдарын жүйелі басқару, қабылданатын шешімдердің ашықтығы және қоғамның сенімін сақтау секілді мәселелерді де қамтиды.

Витольд Банька, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президенті: 

Бұл – жаһандық спорт көшбасшылығы мен дипломатиясына арналған алғашқы пилоттық бағдарлама. Оқыту бағдарламасының екінші кезеңін желтоқсан айына жоспарлап отырмыз. Жоба аясында спорт саласындағы өзекті мәселелерді, басқарудағы тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен талқылаймыз.

Тұрсынзада Қуанғалиева, Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры: 

Өңірлердегі спорт басқармалары, спорт федерациялары, тағы да басқа спорт ұйымдары өкілдерін шетелге шығармай-ақ, әлемдік эксперттерді әкелу арқылы білім беру, деңгейлерін көтеру мақсатында осындай курстар ұйымдастырып жатырмыз. Спорттық дипломатия, көшбасшылық, спорттық менеджмент модулі бойынша кіші МBA беретін боламыз.


 


Бөлісу