Қызылордадағы көпбейінді ауруханада 16 мың метрден астам медициналық оттегі құбыры орнатылады
Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Нысан емхана, физиотерапия, химиотерапия, радиотерапия, ота жасау бөлімдері секілді 10 блоктан тұрады. Сондай-ақ ғимарат жанынан алыс аудан-ауылдардан келген емделушілерге арналған пансионат та салынып жатыр.
Нуриддин Егембердіұлы, көпсалалы қалалық аурухананың бас дәрігері:
Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан көпсалалы қалалық аурухананың құрылысына келіп тұрмыз... Бұл жерде аурухана заманауи үлгіге сай құрал-жабдықтармен толық қамтылады. Оның ішінде мысалы, ауыр техникалардан атап айтсақ, компьютерлі томография бар, магнитті-резонансты томография бар, ангиография бар және мына арнайы онкологиялық науқастарға арналған сызықтық үдеткіш іске қосылатын болады.
Мұнда көзге түсе бермейтін, бірақ әр науқастың өмірі үшін аса маңызды жүйе бар. 16 мың метрден асатын мына құбырлар арқылы медициналық оттегі өтеді. Яғни қажет болған жағдайда дәрігерлер оттегі баллонын іздеп әуре болмайды. Ең маңыздысы, бұл жүйе реанимация мен операциялық бөлімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Ауруханада сәулелік диагностика жүргізетін радиология бөлімі бар.
Нұрлыбек Құлмаханов, Қызылорда облыстық онкология орталығы директорының орынбасары:
Аурухананың басты артықшылықтарының бірі – мұнда онкологиялық бөлімше құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол жақта химиотерапия және сәулелі ем қабылдайды пациенттер.
Құрылыс алаңында 600-ге жуық жұмысшы екі ауысыммен еңбек етіп жатыр. Нысанды белгіленген мерзімде аяқтау үшін жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Ал қолданылған құрылыс материалдарының шамамен 80 пайызы Қазақстанда өндірілген.
Бағдарламаның толық нұсқасын көру үшін:
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бескөл ауылдық емханасы заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған
28.09.2026, 15:46
Ақмола облысындағы жаңа аурухананы медициналық туризм хабына айналдыру көзделіп отыр
28.09.2026, 15:43
«Қарқынды құрылыс»: Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында салынып жатқан медициналық ұйымдар
28.09.2026, 15:25
Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
28.09.2026, 14:58
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25