«Қарқынды құрылыс»: Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында салынып жатқан медициналық ұйымдар
Еліміздегі 200-ден астам ауылда медициналық пункт мүлде болмаған. Осы олқылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары 813 медициналық нысан салынды, оның 655-і – ауылдардағы емханалар мен амбулаториялар. Осылайша, 1 миллионға жуық ауыл тұрғыны өз елді мекенінде емделуге мүмкіндік алып отыр.
«Қарқынды құрылыс» жобасының түсірілім тобы аудан-ауылдарда салынып жатқан медициналық ұйымдардың құрылысымен танысу үшін Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарына арнайы барды.
Ақмола облысындағы жаңа аурухананы медициналық туризм хабына айналдыру көзделіп отыр
Көкшетауда аумағы 17 мың гектарды құрайтын көпсалалы аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Жылына 30 мың пациентті қабылдауға қауқарлы аурухана дәл қазір 71%-ы дайын.
Нариман Ермек, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қазіргі уақытта біздің Ақмола облысымызда онкология жағынан көп операция жасалмайды. Мысалы, сызықтық үдеткіш аппараты бізде болған жоқ. Енді келіп жатыр. Осы аппарат арқылы емделеді. Сонымен қатар, мұнда түрлі операциялар, соның ішінде эндоваскулярлық әдіспен миға және жүрекке жасалатын күрделі оталар да жүргізіледі.
Кешенде 3 шұғыл, 16 жоспарлы операциялық зал болады. Бұрын санитарлық авиация қызметкерлері алыс аудандардағы науқастарға бару үшін әуежайға сабылып, уақыт жоғалтатын. Енді жаңа аурухананың аумағында өзінің арнайы тікұшақ алаңы салынады.Индира Қаражігіт, анестезиолог:
Санитарлық авиация дәрігері ретінде болашақ көпбейінді облыстық аурухана базасында тікұшақ алаңының орналасатынына өте қуаныштымын. Шақыру түскен бойда санавиация бригадасы осы ғимараттан тікелей ұшып шыға алады. Алыс ауылдан пациентті әкеп, бірден диагностикасы да, операциясы да осы аурухана ішінде жасала береді. Осылайша дер кезінде ем қабылдаймыз.Қызылордадағы көпбейінді ауруханада 16 мың метрден астам медициналық оттегі құбыры орнатылады
Ақмола облысындағы жаңа аурухана медициналық туризм хабына айналады деп жоспарланған. Мұнда жергілікті тұрғындар ғана емес, тіпті шетелдіктер де келіп емделе алады. Қарапайым мысалмен айтсақ: Еуропа мен Америкада жүрекке немесе буынға күрделі ота жасату 10–15 мың доллар. Ал осы деңгейдегі ең соңғы үлгідегі аппаратуралармен жабдықталған бұл ауруханада дәл сондай отаны әлдеқайда арзан әрі сапалы жасатуға болады.
Ал Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Нысан емхана, физиотерапия, химиотерапия, радиотерапия, ота жасау бөлімдері секілді 10 блоктан тұрады. Сондай-ақ ғимарат жанынан алыс аудан-ауылдардан келген емделушілерге арналған пансионат та салынып жатыр.
Нуриддин Егембердіұлы, көпсалалы қалалық аурухананың бас дәрігері:
Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан көпсалалы қалалық аурухананың құрылысына келіп тұрмыз... Бұл жерде аурухана заманауи үлгіге сай құрал-жабдықтармен толық қамтылады. Оның ішінде мысалы, ауыр техникалардан атап айтсақ, компьютерлі томография бар, магнитті-резонансты томография бар, ангиография бар және мына арнайы онкологиялық науқастарға арналған сызықтық үдеткіш іске қосылатын болады.
Мұнда көзге түсе бермейтін, бірақ әр науқастың өмірі үшін аса маңызды жүйе бар. 16 мың метрден асатын мына құбырлар арқылы медициналық оттегі өтеді. Яғни қажет болған жағдайда дәрігерлер оттегі баллонын іздеп әуре болмайды. Ең маңыздысы, бұл жүйе реанимация мен операциялық бөлімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Ауруханада сәулелік диагностика жүргізетін радиология бөлімі бар.Нұрлыбек Құлмаханов, Қызылорда облыстық онкология орталығы директорының орынбасары:
Аурухананың басты артықшылықтарының бірі – мұнда онкологиялық бөлімше құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол жақта химиотерапия және сәулелі ем қабылдайды пациенттер.Құрылыс алаңында 600-ге жуық жұмысшы екі ауысыммен еңбек етіп жатыр. Нысанды белгіленген мерзімде аяқтау үшін жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Ал қолданылған құрылыс материалдарының шамамен 80 пайызы Қазақстанда өндірілген.
Бескөл ауылдық емханасы заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған
Ал Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында 7 800 шаршы метр аумақты алып жатқан, 250 науқасқа арналған емхананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаға Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген. Құрылысы қазан айында басталған ғимараттың 90 пайызы дайын.
Қосым Аңсатбаев, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысы:
5 млрд ... өте көп қаражат. Бұған ғимараттың барлық құрылысы кіреді. Стандартқа сәйкес, заманауи медициналық жабдықтар бәрі қарастырылған. Терапевтік бөлім, жедел жәрдем қабылдау бөлімдері болады, әкімгершілік бөлімі болады.Бескөл емханасының құрылысына 20-ға жуық техника, 100-ден аса адам жұмылдырылған. Жұмысқа белсене кіріскендердің біразы – жергілікті халық. Ғимрат құрылысы аяқтлған соң ауыл тұрғындары тіпті қалаға барып шығынданбайды. Бұл – заманауи медицина стандарттарының шалғай елдімекендерге де толық жеткенінің нақты дәлелі.
2026 жылы елімізде Инфрақұрылымдық даму қоры мен республикалық бюджет есебінен жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайтын 79 жоба іске асырылады. Оның ішінде 9 перинаталдық орталық, 9 балалар ауруханасы, 25 амбулаториялық емханалық нысан, 8 көпбейінді арухана, 2 инфекциялық аурухана, 3 перзентхана 4 жедел жәрдем орталығы және басқа да нысандар бар.Бағдарламаның толық нұсқасын көру үшін: https://youtu.be/m1DGKmVVdro
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы