Тұрғын үй құрылысы артты
Кейінгі 7 жылда елде жалпы көлемі 118 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылға дейінгі көрсеткіштерден 55 пайыз көп. Тек былтыр 20 миллион шаршы метр салынды. Нәтижесінде 185 мың отбасы жаңа баспанаға көшті. Үкімет биыл да осы қарқынды бәсеңдетпей, құрылысты арттыра бермек.
Марат Жарбулов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басқарма басшысы:
Биылғы жоспар бізде 20,4 миллион шаршы метр пайдалануға беру. Үйлер. әртүрлі қаржыландыру көздерінен беріледі. Бірақ негізінен бізде жеке құрылыс компаниялары арқылы өсім байқалып отыр.
Министрліктің мәліметінше, тұрғын үй құрылысының көрсеткіші әсіресе, «Наурыз» бағдарламасының арқасында тұрақты өсіп жатыр. Бағдарламаға бір жылда 30 мыңнан аса адам өтініш береді. Оның шамамен 70 пайызы қабылданады. Үйлі болғандардың 16 пайызы әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар. Қатысушылардың көбі – жастар.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25