ЖИ дамытудың жолдары талқыланды
Бүгінде жасанды интеллект балалардың білім алып, ақпарат іздейтін құралына айналды. Алайда жаңа технология қаншалықты қауіпсіз? Балаларды жалған ақпараттан, киберқауіптен және технологияға тәуелділіктен қалай қорғауға болады? Осы мәселелер «Қазақстан – 2035» форсайт сессиясында талқыланды. Жиынға қатысқан мемлекеттік орган, бизнес, ғылыми қауымдастық және азаматтық қоғам өкілдері жасанды интеллектіні дамытудың ұзақмерзімді жоспарларын қарастырды.
Ростислав Коняшкин, ЖИ және цифрлық даму бірінші вице-министрі:
Елімізде жасанды интеллектіні дамыту ережелері қабылданды, білікті мамандар даярланып жатыр. Ендігі кезекте болашаққа бағдар жасау маңызды. Бүгінгі білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер саласына енгізіп жатқан шешімдер барынша сенімді әрі қауіпсіз болуы тиіс. Бүгінгі сессия негізгі басымдықтарды саралауға мүмкіндік береді.
Рашед Мұстафа Сарвар, Қазакқстандағы ЮНИСЕФ өкілі:
Біздің мақсатымыз – ЖИ-ді балалар үшін барынша қауіпсіз әрі тиімді ету. Заман талабын ескере отырып, алдағы он жылдыққа жоспар құруды қарастырып жатырмыз. Жоспарымыз – қолданыстағы заңдарды жетілдіру, Айти компаниялармен тығыз жұмыс істеу.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25