Басты Жаңалықтар Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағы салынып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғауға тағы 33,5 млрд теңге бөлінді. Ақжайық шағынауданындағы перзентхана 200 орындық. Онда жағдайы күрделі нәрестелерге медициналық көмек көрсетіліп, диагностикадан бастап генетикалық зерттеуге дейінгі қызметтер бір орталықта шоғырланады. Ал әуежайдағы екінші жолақтың ұзындығы 3 мың 900, ені 75 метр болады. Халықаралық талаптарға сай жабдықталатын жаңа нысан күрделі метеожағдайда да ұшақ қабылдап, жолаушы және жүк тасымалын арттыруға жол ашады.

Өмір Қалыбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы бұл жобаның негізгі мақсаты халықаралық стандарттарға сай үшінші А категориялы ұшу-қону жолағын салу. Жаңа ұшу-қону жолағы болашақта кез келген әуе кемелерін қондыруға мүмкіндік береді және біз жаңа терминалды 2024 жылы іске қостық. Болашақта бұл елдің экономикасына оң үлесін беріп, елдің дамуына көп септігін тигізеді деген сенімдеміз.


Бөлісу