Президент Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа міндеттер жүктеді
Президент, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді. Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси ахуал мен жаңа сын-қатерлер жағдайында Кеңес нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын тиімді институтқа айналуы керектігін атап өтті. Жиында киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттардағы жұмыста «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады. Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндет жүктелді. Оның ішінде Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғауға бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру көзделген.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25