Басты Жаңалықтар Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты

Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты

Азия ойындарының үшінші жарыс күні аяқталуға жақын. «Қазақстан» телерадикорпарациясының түсірілім тобы спорттық сайыстар өтіп жатқан нысандарда жүргенін еске салайын. Бірі Жапонияның Нагоя қаласында, енді бірі Тоехаси қаласынан бізбен тікелей эфиге қосылып тұр. Ең бірінші аралас жекпе-жек бәсекесінде жүрген Телжан Күдеровпен байланыссақ. Телжан, Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енген ММА бәсекесі қалай өтіп жатыр?

Рақмет, Тельжан. Енді каратэшілердің көрсеткен нәтижесі туралы Тоёхаси қаласында жүрген әріптесім Асылбектен білсек. Асылбек, каратэшілеріміз Азия ойындарын қалай қорытындылады?

Асылбек Данияр, тілші:

Иә, каратэден жарыстың соңғы күні тартысты өтті. Бұл спорт түрінен Қазақстан намысын 2 спортшы қорғады. Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бэлле Самашева қола медаль еншіледі. Ол жарысты ширек финалдан бастады. Алғашқы кездесуінде Тайпэй спортшысын жеңсе, жартылай финалда Малайзия өкіліне жол берді. Ал, қола жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте 2023 жылғы Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық Севинч Рахимовадан айласын асырды. Айта кетейік, бүгін Бэлла Самашеваның туған күні. Ол 22 жасқа толды.

Бэлла Самашева, каратэден Ұлттық құрама мүшесі:
Өте-өте қуаныштымын! Бұл медальға жету жолы оңай болған жоқ. Әрине, алтын медальді қаладым. Бұл менің ғана емес, жеке бапкерім Берік Хасеновтың арқасында. Біз қаншама жылдар бойы еңбек еттік. Қаншама қиындықтардан өттік, жарақатта болды. Соған қарамастан, қола медальға ие болдым.

Сонымен бірге кумите бағдарламасында ел намысын ерлерден 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов қорғады. Ол өкінішке қарай алғашқы белдесуінде жеңілді. Қарсыласының финалға өтуіне байланысты қола медальға таласты. Отандасымыз кіші финалда Филиппин өкілін айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 10-1.

Осылайша, каратэден Азия ойындары аяқталды. 6 спортшы ел намысын қорғады. Оның бесеуі жүлдегер атанды. Атап айтқанда, каратэшілер 2 алтын, 1 күміс, 2 қола еншіледі.


Бөлісу