Ел жаңалықтарына шолу
Банкаралық аударымдардың лимиті екі еселенуі мүмкін
Елімізде телефон арқылы банкаралық аударымдардың базалық лимиті бір транзакция
үшін 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк
төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді. Сонымен қатар банктер тәуекел
саясаты аясында аударымдарға жеке шектеу белгілей алады. Бұдан бөлек, кей жағдайларда клиенттер банк
мобильді қосымшасы арқылы шектеуді өздері де белгілей алады.
«Аңсаған сәби»: 15 мыңдай бала дүниеге келді
Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 15 мыңға жуық бала дүниеге
келді. 2021 жылдан бері жоба аясында экстракорпоралды ұрықтандыруға, яғни
жасанды ұрықтандыруға 37 мыңға жуық мүмкіндік берілді. Қазір жыл сайын
бөлінетін квота саны 7 мыңға дейін артты. Бағдарлама бала сүюді армандаған,
бірақ өздігінен сәби сүйе алмай жүрген отбасыларға қолдау көрсетуге
бағытталған.
Ұшақтарда интернет пайда болуы мүмкін
Ұшақ борттарында интернет қазан айында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің
төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді. Әуе кемелерін желіге қосу үшін Viasat
және OneWeb компанияларының шешімдері қарастырылады. Wi-Fi желісі билет құнына
кіре ме, әлде жолаушылар төлей ме – бұл жағы әзірге белгісіз. Түпкілікті
шарттарды әуе компаниясы жариялайды.
Азия ойындарына 559 қазақстандық спортшы қатысады
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу
салтанатына санаулы күн қалды. Құрлықтық додада Қазақстанның намысын 559
спортшы қорғайды. Отандастарымыз 35 спорт түрінен жекелей және командалық
жарыстарда бақ сынайды. Жалпы биылғы Азия ойындарының бағдарламасына 43 спорт
түрі енгізілген.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22