Пара оқ атудан Әлем чемпионатының жүлдегерлері оралды
Қазақстан құрамасы пара оқ атудан Әлем чемпионатында екі қола медаль иеленді. Командалық жарыста Rone дисциплинасы бойынша Еркін Ғаббасов, Арсен Мұратов және Ардақ Отарбаев жеңімпаз атанса, жекелей сында Александр Пасхалиди P one дисциплинасы бойынша жүлделі болды. Бұл – қазақстандық пара оқ атушылардың әлем чемпионатындағы алғашқы жүлделері. Жарыс Оңтүстік Кореяның Хангон қаласында өтті. Бүгін спортшылар елге оралып, Астана халықаралық әуежайында оларды жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері күтіп алды.
Еркін Ғаббасов, Әлем чемпионатының қола жүлдегері:
Бірінші рет ӘЧ қатысып жатырмын, 53 елден мықты-мықты спортшылар қатысты. ӘЧ лицензия, квота берілді, 2028 Пара ойындарына. Өте тартысты өтті. Бәрі мықты дайындалып келіпті.
Абылай Шунаев, пара оқ атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері:
Құрама сапында 10 спортшы өнер көрсетті. Алдын ала болжам бойынша, жүлдеге таласатындай мүмкіндігіміз бар еді. Сондықтан бұл нәтижеге қуаныштымыз. Оқ ату спорты әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді. Бүгінгі біз көрсеткен нәтиже отандық спортшылардың лицензияға да, медальға да таласа алатынын дәлелдеді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда «Tour de Saraishyq – 2026» велошеруі өтті
14.09.2026, 17:30
Астанада AI фильм фестивалі өтеді
14.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
14.09.2026, 17:20
Созақта уран өндірісіне қажетті мамандарды оқытады
14.09.2026, 17:17
Қазақстандағы тың реформаларды Брюссельде талқылады
14.09.2026, 17:15
Шыңжаңда птерозаврлар мұражайы ашылды
14.09.2026, 17:12
Швециядағы сайлауда солшылдар коалициясы алда келеді
14.09.2026, 17:10
Қарағандыда жылу желілерін жаңартып жатыр
14.09.2026, 17:07