ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
Шығыстағы Самар ауданы Құлынжон ауылында оқушыларға арналған жатақхана мен спорт кешені және футбол алаңы пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі бұл нысандар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ВІ групп компаниясымен әлеуметтік жауапкершілік аясындағы меморандум негізінде салынды. Ал оқушыларды тасымалдайтын қос автокөлік берілді.
Қырдағы Құлынжон ауылындағы мектепте алғаш қоңырау үні бұдан алпыс жыл бұрын соғылды. Биыл сол оқу орнының мерейтойына орай талай игі шара өтіп жатыр. Солардың ең негізгісі 40 балаға арналған жатақхана. Ең соңғы үлгімен салынған нысанда ұстаздар да тұрады.Тұрмыстық техника, жиһаз, кітапхана бәрі бар. Оқушыларды тасымалдайтын қос бірдей автокөлік те берілді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Бастысы балаларымызды жан-жақты тәрбие беруге денсаулықтарына қарауға ереше көңіл бөлу керек. Президентіміздің тапсырмасы бала қай жерде тұрмасын елді мекен,шеткі ауылда тұра ма, жоқ, облыс орталығында тұра ма, бірдей сапалы білім алуға, саналы тәрбие алуға құқылы. Ол біздің стратегиялық міндетіміз деді. Сондықтан балаларымызға деген үлкен қамқорлықтың белгісі.
176 бала білім алатын мектеп материалдық жағынан алдыңғы қатарда. Нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігі артып, оқушылардың үлгерімі жақсарды.
Біржан Әуезов, мектеп директоры:
Соңғы жылдары бізде 95-100 пайыз оқушылар грантқа түсіп жатыр. Бұл дегеніміз ол ұстаздардың еңбегі, үздіксіз еңбектің нәтижесі, осы мектептегі жабдықтаудың нәтижесі деп ойлаймын.
Нәтиже мен жетістікті жетілдіре бер үшін енді аудандағы мектептерге жасанды интеллект енгізілмек.Қажетті құрал-жабдықты демеушілер алып береді.
Айдын Рахымбаев, меценат:
Осы жылда жасанды интеллект технологиясын енгіземіз. Ол мұғалімдерге де, балаларға да керек болады. Себебі ол жазып отырады. Сапасын бір жылдан кейін емес, бір жылдың ішінде көтеру керек.
Мектептің жанынан спорт кешені де пайдалануға берілді. Бұл нысанды салуға облыстық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді. Тек оқушылар ғана емес ауыл тұрғындары да келіп спортпен шұғылданады. Ал Самар аудандық ауруханасын ғимаратынан бастап ВІ групп компаниясы толық жаңаламақ. Бұл жобалар Мемлекет басшысының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде жүзеге аспақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы