Басты Жаңалықтар 500 мыңнан аса такси жүргізушілері жаңа салық режиміне көшкен

500 мыңнан аса такси жүргізушілері жаңа салық режиміне көшкен

Такси жүргізушілерінің жарты миллионнан астамы жаңа салық режиміне көшті. Елде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін енгізілген арнаулы салық режимін 520 мыңға жуық адам такси қызметін көрсетуге пайдаланып отыр. Ал интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтар үшін 16 млрд теңгеден аса әлеуметтік төлем аударылған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 1 қазандағы жағдай бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін 981,200 адам қолданған. Олардың 867 мыңы интернет-платформалар арқылы қызмет көрсетсе, 114,200-і өз бетінше жұмыс істейді. Бұл режимді пайдаланатындардың басым бөлігі такси және курьерлік қызметке тиесілі.

Бөлісу