БРИКС саммитіне дайындық
Үндістан астанасы ауқымды жиынға әзірленіп жатыр. Бүгін Нью-Делиге БРИКС елдерінің басшылары жиналды. Соған орай, алып мегаполисте қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Алдағы саммитте нендей мәселелер талқыланады?
Бүгін Үндістан астанасы Нью-Дели БРИКС саммитіне қызу дайындық үстінде. Алып мегаполистің коммуналдық қызметі бірнеше күннен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Көшелер жөнге келтіріліп, маңызды дипломатиялық оқиға алдында қаланың негізгі жерлерінің келбеті жаңарып шыға келді. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді.
Жергілікті тұрғындардың кейбірі үшін алдағы кездесуді қабылдау - Үндістан үшін мақтаныш.
Викас Сачдева, Дели тұрғыны:
АҚШ-қа қарсы балама әлем құрылуы қажет. Сондықтан экономиканы нығайту және доллардың ықпалын шектеу тұрғысынан алғанда, бұл – өте маңызды жиын. Саммиттің Үндістанда өтіп жатқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Жалғыз алаңдатарлық жайт – оның өмірімізге біршама кедергі жасауы.
БРИКС-тің осы жолғы саммиті геосаяси және экономикалық белгісіздіктің күшейген шағында өтейін деп отыр. Кейбір сарапшылар БРИКС-ті шынында да антиамерикалық блок деп есептейді. Алайда, өзге бір зерттеушілер бұл пікірмен келіспейді.
Джаяти Гош, Экономист, Массачусетс университетінің профессоры:
Мен БРИКС-тің орасан әлеуеті бар деп есептеймін. Оны Америкаға қарсы бірлестік деп қарастыру қажет емес. Ол - бүгінгі әлемде альтернативтік орнын іздеп жатқан елдер тобы. Және де БРИКС - халықаралық экономикалық, саяси және жеке адами қатынастарда балама жол іздеп жатқан ұйым.
БРИКС саммиті қыркүйектің 12-13-і күндері өтеді. Оған Ресей, Қытай, Оңтүстік Африка, Мысыр, Индонезия, Қазақстан сияқты бірнеше елдің жетекшілрі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысады. Талқыланатын басты тақырыптар – шекара-аралық төлемдер мен сауда, технология, экономикалық ынтымақтастық, энергетика, жаһандық басшылық, адам игілігіне бағытталған секторлар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы