Ауылға баратын медбикелер мен фельдшерлер ₸1 млн алады
Қостанай облысында енді орта білімі бар медицина қызметкерлеріне де көтерме ақы беріледі. Ауылға көшіп барған медбикелер мен фельдшерлер 1 млн теңге қаражат алады. Бұрын мұндай мемлекеттік қолдау тек жоғары білімі бар дәрігерлерге ғана көрсетілетін. Жаңа талап шалғай ауыл-аймақтағы ағайынның мәселесін шеше ме? Мәдина Нағашыбай тарқатады.
Жедел жәрдем қызметіне келгелі небәрі екі-ақ ай өтсе де, Рабиға жұмысына
төселіп-ақ қалған. Қаршадай қыз қиын қызметтің қыр-сырын біледі. Медициналық
колледждің биылғы түлегі қолына дипломын алып, бірден туған ауылы Әулиекөлге
оралыпты. Енді тиімді мүмкіндікті қалт жібермей, құжат жинауға кіріскен.
Рабиға Айтқалиева, маман:
Көріп тұрғандарыңыздай, ауылдық жерлерде де жақсы жағдай жасалып жатыр. Әсіресе медицина жағынан дамып жатыр. Сондықтан ауылдық, аудандық жерде жұмыс өте көп. Жұмыс көп жерде тәжірибе мол. Қорықпау керек деп ойлаймын осындай міндеттен.
Ал
Әйгерім Сейдахмет Мәскеу ауылындағы амбулаторияда медбике. Жас маман алғаш
еңбек жолын бір ай бұрын ғана бастады. Ауылдағы 1400-ге жуық тұрғын ем-домын
осы жерге келіп алады. Өзі де жұмысқа көрші ауылдан қатынайды. Сондықтан айтуынша,
бұл әлеуметтік қолдау алдымен баспана мәселесін шешіп, тұрақтап қалуына едәуір
сеп.
Әйгерім
Сейдахмет, маман:
Жас мамандарға бір қолдау, ауылды жерде медицинаны дамытуға, медицина саласында жұмыс істеуге мотивация деп білемін. Ауылда үй алуға бастапқы жарна ретінде жетеді.
Қостанай медициналық колледжінде бүгінде 1800-ден астам студент жеті мамандық
бойынша білім алып жатыр. Жылына 300-ге жуық дайын маман түлеп шығады. Дегенмен
өңірдегі кадр тапшылығы әлі де өткір тұр. Бұдан бөлек акушер-гинеколог,
анестезиолог, терапевт, реаниматолог сынды дәрігерлер ауадай қажет. Сондықтан
биыл облыста енді ауылға жұмысқа тұрған дәрігерлерге берілетін көмек екі есе
артып, көлемі 7-8 млн теңгеге жетті.
Татьяна Булгацевич, облыстыққ мәслихат депутаты:
Бағдарлама талабын біршама жеңілдеттік. Енді маман 7 жыл емес, 5 жыл қызмет етсе, жеткілікті. Ал егер мерзімінен бұрын өңірден көшсе, қаражат тек өтелмеген уақыт үшін кері қайтарылады. Оған қоса міндетті мерзімін өтпеген соң дәрігер облыс аумағында өзге елді мекенге қоныс аударса, екінші мәрте мемлекеттік қолдауға ие бола алады.
Былтыр облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 589 миллион теңге қаражат бөлінді.
Қолдауға 121 дәрігер ие болса, соның тек 31-і ғана ауылда еңбек етуге ниет
білдірген. Шалғайдағы ағайынның бар тілегі – енді келген маманның Әйгерім мен
Рабиға сынды ауылдағы жұмысты ауыр көрмей, тек тұрақтап қалуы.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚарағанды облысында зертханалық-талдау кешені ашылды
11.09.2026, 17:30
Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады
11.09.2026, 17:27
Павлодарда мұз кешенін салуға ₸19,9 млрд бөлінді
11.09.2026, 17:25
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
11.09.2026, 17:22
Ираншыл хуситтер стратегиялық аралды басып алды
11.09.2026, 17:20
Әлеуметтік желіде тараған бес ақпар фейк болып шықты
11.09.2026, 17:17