Сот сараптамасы: Қазақстан 4 елмен меморандумға қол қойды
Қазақстан Қытай, Түркия, Грузия және Әзербайжан елдерімен сот сараптамасы саласында ынтымақтастықты күшейтпек. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда айтылды. Шара Қазақстандағы сот сараптамасы жүйесінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылды. Конференцияға АҚШ, Қытай, Болгария, Түркия сынды 11 елдің өкілдері қатысты. Олар саладағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ өзара ықпалдастық жөнінде меморандум қабылдады.
Бақытжан Байтілесов, ҚР Әділет
министрлігі сот сараптамалары орталығының директоры:
Бұл меморандум бізге ынтымақтастық береді. Екіншіден, өзара іс-қимылды тездетеді. Бір-бірімізбен әдістеме, тәжірибемен алмасамыз. Сарапшыларды бір-бірімізге тағылымдамаға жіберіп, білімін жоғарылатуға көмектеседі.
Жиында айтылған тағы бір жаңалық - жыл соңына дейін Қазақстанда сот сараптамасы
саласында виртуалды аутопсия жобасы іске қосылады. Нақтырақ айтсақ, енді мәйіт хирургиялық тәсілмен кесілмей, заманауи технология арқылы зерттеледі.
Яғни, адам қылмыстық емес жағдайда қайтыс болса, өлім себебі компьютерлік томография арқылы
анықталады. Бұл бағытта жұмыс істейтін мамандар да дайын.
Янко Колев, Балқан сот сараптама
ғалымдары академиясының президенті:
Қазақстан бұл салада қарқынды дамып келеді. Сондықтан тәжірибе алмасу барлық тарапқа пайдалы болады деп ойлаймын. Осындай жиындарда саланың кем-кетігі, даму жоспары талқыланады. Бүгін жасанды интеллект құралдары мен цифрлық криминалистиканы енгізу жайында кеңесіп жатырмыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
11.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында зертханалық-талдау кешені ашылды
11.09.2026, 17:30
Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге жұмсалады
11.09.2026, 17:27
Павлодарда мұз кешенін салуға ₸19,9 млрд бөлінді
11.09.2026, 17:25
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл
11.09.2026, 17:22
Ираншыл хуситтер стратегиялық аралды басып алды
11.09.2026, 17:20
Әлеуметтік желіде тараған бес ақпар фейк болып шықты
11.09.2026, 17:17
Айфон аламыз деп алаяқтың құрбаны болуыңыз мүмкін
11.09.2026, 17:15