ТМҰ елдері есірткі бизнесімен бірге күреседі
Түркі мемлекеттері ұйымының құқық қорғау органдары есірткі бизнесімен күресте күш біріктіреді. Оның ішінде цифрлық технология мен криптовалютаны және онлайн платформаларды пайдаланатын қылмыстық топтардың жолын кесу маңызды. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлар кеңесінің 5-отырысында айтылды. Жиында еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов бірлескен тергеу жүргізу ісінде және қылмыскерлерді анықтауда жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануды ұсынды. Жалпы, соңғы бес жылда елде 400-ден астам есірткі зертханасы жойылып, 75 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Отырыста Қазақстан тарапы Ұлттық таргетинг-орталықтар желісін құру бастамасын көтерді. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша есірткі арналарын анықтап, оларға жедел тосқауыл қоюға арналған халықаралық цифрлық платформа құру мәселесі пысықталды. Пилоттық жобаны Өзбекстанмен бірлесіп іске асыру жоспарланған.
Бауырлас елдердің арасында қалыптасқан құрмет пен сенім өзара іс-қимылды одан әрі мазмұнды әрі нәтижелі ете түседі. Бүгінгі кездесу бізге өзекті мәселелерді нақты талқылауға және бірлескен қызметіміздің алдағы бағытын айқындауға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Баршаңызға жемісті жұмыс, мазмұнды пікірталас және бауырлас елдердің Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын жаңа шешімдер тілеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы