Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
Тараз қаласында қоғамдық көліктің 85%-ы жаңарды. Биыл автобус парктерін субсидиялауға жергілікті бюджеттен 12 млрд теңге бөлінді.
Нәтижесінде шаһарда 46 бағыт бойынша 522 автобус қатынайды. Енді қала билігі
көрші аудандарға да баратын бағыттарды енгізуді бастады. Күні кеше Таразды Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылымен жалғайтын жаңа қоғамдық көлік бағыты
іске қосылды. Автобустар 25 шақырым жерге әр 13 минут сайын жүреді.
Бұған дейін ауыл тұрғындары Таразға таксимен барып қайтатын. Енді 14 мың
тұрғыны бар ауылға су жаңа автобустар жүреді.
Аманкүл Орынтаева, Аса ауылынң тұрғыны:
Студенттеріміз бар оқитын. Жұмысшыларымыз бар. Мынау тұрған жерге бұрын таксимен жүретінбіз, автобус болмай. Қазір жақсы болды.
Жаңа әлеуметтік маңызы бар бағытта жеңілдіктер де қарастырылған. Жаңа оқу жылында оқушыларға 50% жеңілдік бар.
Ал «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі
жандарға жолақысы тегін.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі:
Бізде 2023 жылдан бастап үлкен бағдарлама қабылдадық. Осы 3 жылдың ішінде қала аумағына 366 жаңа автобус сатып алынды. 15 бағыт ашылды. Оның ішінде жаңадан қосылған 14 елді мекен бүгінгі күні 100% қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіліп отыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инклюзивті білім: Ерекше балаларға қандай қолдау бар?
28.10.2026, 18:38
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14