Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган болады
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппаратының жұмысына қатысты Жарлыққа қол қойды. Енді Кеңес жаһандық сын-қатерлер мен елдегі ішкі жағдайға тұрақты талдау жүргізеді. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Президент тапсырмалары мен Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, заң мен тәртіп мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді. Ол киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, дербес деректерді қорғау, экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қорғаныс бағыттарын қадағалайды. Ал Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады. Негізгі міндеті – мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инклюзивті білім: Ерекше балаларға қандай қолдау бар?
28.10.2026, 18:38
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14