eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
Бас прокуратура азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті. Соңғы бір айда мұндай 30-ға жуық жағдай тіркелген. Қаскөйлер өздерін eGov қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға олардың атынан электрондық цифрлық қолтаңба рәсімделгенін хабарлайды. Заңсыз несие алудың алдын алу қажет деген сылтаумен ақша аударуға көндіреді. Мәселен, Тараз тұрғыны алаяқтарға 2 миллион теңгеден астам ақша аударған. Прокуратура мамандары мемлекеттік органдар телефон арқылы ақша аударуды немесе есеп-шот нөмірін жібермейтінін ескертеді. Сондықтан бейтаныс адамдарға SMS-код, құпиясөз, банк картасы және ЭЦҚ деректерін бермеңіз.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инклюзивті білім: Ерекше балаларға қандай қолдау бар?
28.10.2026, 18:38
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14