Басты Жаңалықтар Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 85 қылмыс анықталды

Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 85 қылмыс анықталды

Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 85 қылмыс дерегі анықталып, заңсыз миграцияның 9 арнасы тоқтатылды. Мұны Ішкі істер министрлігі жариялады.Күні кеше Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлері кездесуінде тараптар трансұлттық қылмыспен, терроризммен, адам саудасымен және заңсыз миграциямен бірлесіп күресуге келісті. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде Түркияның көмегімен Ыстанбұлда қазақстандық азаматтың қазасына қатысты қылмыс ашылды. Ал елімізде жыл басынан бері радикалды идеяны ұстанған 145 шетелдік ұсталып, елден шығарылған. Қылмыстық топтар бірнеше елде қатар әрекет етіп, жалған жұмысқа орналастыру, жалған шақырту және заңсыз тіркеу сияқты тәсілдерді қолданады. Осыны ескерген Ішкі істер министрлігі ақпарат алмасуды күшейтуді және заңсыз миграция ұйымдастырушыларын бірлесіп анықтауды ұсынды. Сонымен қатар еңбек мигранттары арасында адам қинауының белгілерін дер кезінде анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінбек.


Бөлісу