Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
Еліміздің батыс қақпасы саналатын Атырау облысындағы Құрманғазы шекаралық аймағындағы өткізу бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Жаңадан 6 жолақты автокөлік жолы мен шекаралық тексеру ғимараты бой көтеріп жатыр. Президенттің өзі «Транзиттік жүктердің «жасыл дәліз» қағидасымен еш тосқауылсыз өтуіне барынша жағдай жасау қажет», - деген болатын. Егер жоба сәтті аяқталса бекеттің тәуліктік өткізу қабілеті 3 есеге артпақ.
Құрманғазы ауданы арқылы Ресейге шығатын жүк көліктері 4-5 шақырымдап кезекке
тұрады. Өйткені шекаралық өткізу бекеті тым тар. Ешқандай жағдай жасалмаған.
Осыны ескерген жауаптылар шекаралық аймақты қайта жаңғыртуды бастады. Қазір 17
гектар аумақта бетон құйылып жатыр. Бұл жерде 3 жолақты 2 автокөлік жолы мен
жаңа әкімшілік ғимараттары бой көтереді.
Рүстем Кенетұлы, мердігер мекеме өкілі:
Парковка салынып жатыр 270 жүк фурасына. Әкімшілік ғимаратымен сосын жатақхана салу ойы бар ол жерге. Таблосы болады. Таблоға қай машинаның нөмірі шығады, сол табломен машиналар шығып бері қарай қозғалады.
Бекет арқылы тәулігіне 1500-2000–дай жүк көлігі мен 4 мыңдай жолаушы өтеді.
Автокөлік жолдарының жаңғыртылуы еліміздің логистикалық әлеуетін арттыруда. Ал
оның пайдасын шекаралық аудандар да көре бастады.
Ернар Боранғалиев, Құрманғазы
ауданы әкімдігінің ресми өкілі:
Республикалық маңызы бар Атырау – Астрахань тас жолы біткеннен кейін жүк тасымалы біршама есеге көбейіп кетті. Құрылыстың үлкен пайдасы қазіргі таңда 70 ке жуық адам, жергілікті жердің тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта 100-ден астам адамды жұмыспен қамтимыз деп отыр мердігерлер.Құрманғазы өткізу бекетінің құрылысы келер жылдың қазан айында аяқталуы тиіс. Сол кезде Ресей арқылы Еуропаға қатынас жанданып, транзиттік жүк көліктерінің легі 3 есеге артады деп күтілуде.
Құрманғазы өткізу бекетінің құрылысы келер жылдың қазан айында аяқталуы тиіс.
Сол кезде Ресей арқылы Еуропаға қатынас жанданып, транзиттік жүк көліктерінің
легі 3 есеге артады деп күтілуде.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қос азаматтығы барлар анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12
12 ел Израиль қоныстарына санкция салды
09.09.2026, 13:09
Иран мен АҚШ бірін-бірі тағы атқылады
09.09.2026, 13:06
Ұлттық қордан ірі жобаларға қаржы бөлінеді
09.09.2026, 13:03
Аймақтағы ең ірі қаржы форумы өтіп жатыр
09.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18