Лондонға бағыт алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонды
Air Astana компаниясының Алматыдан Лондонға бағыт алған ұшағы Германияның Франкфурт қаласына қонуға мәжбүр болды. Бұған Лондондағы Хитроу әуежайының техникалық ақауға байланысты жабылуы себеп. Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Шенген визасы жоқ 67 адам транзиттік аймақта қалды. Ал қалған жолаушыларды Франкфурттегі қонақүйлерге орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Хитроу әуежайының жұмысы қалпына келгеннен кейін ұшақ қайта Лондонға аттанады. Елдің ірі әуежайларының жұмысына әсер еткен ақау ұшу мәліметтерін өңдеу жүйесінен табылған. Осыған байланысты Хитроуда 100 ұшақ рейсі доғарылып, 367-сі кешіктірілді. Инженерлер әуе қатынасын басқару жүйесін қалпына келтіріп жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23