Басты Жаңалықтар Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Әлеуметтік желіде соңғы уақытта тұмау жұқтырғандар көбейді деген ақпарат қызу талқыланып жатыр. Дегенмен мамандар елде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтады. Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері елде COVID жұқтырған 73 адам тіркелген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12 пайызға төмен. Мамандардың айтуынша, коронавирусқа халық арасында иммунитет қалыптасып, инфекцияның таралуы жыл сайын бәсеңдеп келеді. Қазір күзгі-қысқы маусым басты назарда. 15 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы ерікті вакцинация басталады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, созылмалы ауруы бар азаматтар, балалар, жүкті әйелдер мен егде жастағы адамдарға салынады.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Халық арасында «мини-ковид» деп жүргені бұл жаңағы короновирус инфекциясы. Бұл анау пандемия жылдарынан бері біздің елімізде сақталуда. Ол қарапайым ЖРВИ қатарынан табылады. Бүгінгі күні коровирус жағдайынан ахуал тұрақты. Үлкен бір эпидемиологиялық жағдай ушығады, халық жаппай ауырып жатыр, жалпы денсаулық сақтау саласына ауыртпашылық түсіп жатыр дейтіндей ондай дабыл қағудың қажеті жоқ.  


Бөлісу