Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
Алматы облысы Талғар ауданындағы демалыс орындары мен күре жолдар қоқыстан тазартылды.
Іс-шара тұрғындар мен туристер жиі баратын аумақтарды қамтыды. Жаз мезгілінде демалушылар саны артып, табиғи аймақтарға түсетін жүктеме көбейгендіктен, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Игіс іске еріктілермен қатар ауыл тұрғындары да белсене ат салысқан. Жалпы «Таза Қазақстан» эконауқаны аясында жыл басынан бері ауданда 25 сенбілік ұйымдастырылып, 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Сонымен қатар 57 ірі көлемдегі заңсыз қоқыс үйіндісі жойылыпты. Оған қоса көгалдандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде аудан аумағына 10 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Ал күз мезгілінде тағы 10 мың көшет егу жоспарланып отыр.
Аудан тұрғындарымызды осы белсенді «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға жұмылдырып, жұмыстары жүргізіліп жатырмыз. Халыққа түсіндіру жұмыстары жақсы жүргендіктен қазіргі таңда жақсарды. «Таза Қазақстан» акциясы ірі көлемде нәтижесін беріп жатыр. Сол себепті қазіргі таңда өзіміздің аумағымыз тазарып жатыр.
Көбінесе жинаған қоықстарымыз пластик бөтелкелер, қағаздар, кейбірулері жиһаздарды да тастап кетеді. Көбінесе демалыс орнына келетіндер өз қоқыстарын жинамай, осы ағын суға тастап кетеді. «Таза Қазақстан» акциясына 3-4 рет қатыстым. Бұл экоакция жасөспірімдерге жауапкершілік пен экологиялық мәдениеттілікті қалыптастырады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы