Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
Қызылорда облысында денсаулық саласын заман талабына сай жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде қала аумағында төрт бірдей ірі медициналық нысан бой көтеруде.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Біз тұрған аумақтағы құрылыс аймақ медицинасы тарихындағы ең үлкен жоба. Жалпы құны 50 миллиард теңгеден асатын көпбейінді аурухана тікелей Президент тапсырмасымен салынып жатыр. Жеті гектар жерде 10 блоктан тұратын алып нысан бой көтерді. Ең биік ғимараты 9 қабатқа дейін жетеді. Құрылысшылар темір-бетон жабындыларын 3 жыл дегенде аяқтап, қазір ішкі жұмыстарына кірісті.
Аян Әбдірәсілов, учаске басшысы:
Әрлеу, абаттандыру бар. Сыртқы қасбеттері жұмыстары жасалып жатыр. Екі ауысымда 600-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыс барысы 80-85 пайызға аяқталып отыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Мұнда стационарлық ем алушыларға 300 төсек-орындық ауруханадан бөлек, 70 науқасқа арналған онкологиялық бөлімше ашылады. Және қаланың сол жағалауындағы тұрғындар үшін күнделікті медициналық қызмет көрсететін емхана жұмыс істейді. Жалпы жаңа нысан өңірдегі ең озық үлгідегі денсаулық сақтау ұйымы болады.
Нұриддин Әмитов, қалалық аурухананың бас дәрігері:
Кардиология бөлімшесі ашылатын болады. Жүрекке одан басқа ми басқа да перефириялық органдарға медициналық көмек көрсетуге болады. Сонымен қатар мұнда МРТ қойылайын деп жатыр. КТ қойылады. Қажетті заманауи онкологиялық соңғы құрал-жабдықтармен жабдықталады.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Көпбейінді аурухана ел игілігіне берілген кезде облыс бойынша ем-дом алуға кезекте тұрған науқастарды жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни дертіне шипа іздеген тұрғындар өзге қалаларға барып әуре болмай, туған жерде сапалы медициналық көмекке қолжеткізетін болады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12