Басты Жаңалықтар Елордада «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асуда

Елордада «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асуда

Астанада «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 60-тан астам аула абаттандырылды. Тұрғындардың ұсынысы негізінде орындалған жұмыстар аулалардың көркін келтіріп қана қоймай, балалар мен ересектерге қолайлы орта қалыптастырды.

Абаттандыру кезінде тұрғындардың жас ерекшелігі де ескерілген. Балаларға ойын кешендері орнатылса, жастар үшін спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған. Аулаларда демалатын арнайы орындар да қарастырылған. Жөнделген аумақтардың қатарында Темірбек Жүргенов, Рахымжан Қошқарбаев, Кенен Әзірбаев және Ахмет Байтұрсынұлы көшелеріндегі тұрғын үйлердің аулалары бар.
Гүлназ Жақсылықова, Астана тұрғыны:
1-2 ай бұрын жасалған ойын алаңы. Балалар барлығы мәз. Балалар ойнайды. Күрке жақсы болды үлкен кісілер кешкі уақытта отырып, әңгімелесіп отырады. Алдыңғы ойын алаңы кішкене уақыты өткен, ескілеу еді. Кішкене қауіпсіздігіне қарап жүретінбіз. Қазір барлығы жақсы, балалар өздерімен өзі ойнайды. Барлығы жақсы, тазалық өте керемет, ұнайды барлығы.
Ал Қошқарбаев даңғылынан Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аумақта жұмыс ауқымы бұдан да кең. Мұнда жалпы 35 мың шаршы метр аумақ  жаңарып жатыр. Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген. Аталған аумақта 1136 ағаш және 69 мың мыңға жуық бұта отырғызылады.
Серік Жұматаев, Астана тұрғыны:
Ең бір атап айтатындай мынау ұл балаларға футбол алаңын салып берді. Өйткені көрші үйдің ауласына барып ойнап жүрген еді. Тағы бір мәселе жарық мәселесі еді. Ол жарық мәселесі де шешіліп, қазір кешкі уақытта да, балалар қараңғыда да ойнап жүре береді.
Жаяу жүргіншілер мен веложолақтарда жасалды. «Халық қатысатын бюджет» жобасының ерекшелігі де осы. Тұрғындар өздері не қажет екенін ұсына алады. Биыл қала әкімдігі тағы 173 аула және саябақтар мен гүлзарларды абаттандырмақ.
Бөлісу