Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

«Германия үшін альтернатива» антииммиграциялық партиясы Саксония-Анхальтта өткен жергілікті сайлауда үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Германияда әсіре оңшылдар алғаш рет федералдық жерге билік етіп, полицияға, білім мен мәдениет салаларына бақылау орнатайын деп отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың елшілері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Киевте Украина басшылығымен келіссөз жүргізді. Мұның алдында америкалық өкілдер Мәскеуде Ресей президентімен де кездесті. Оның нәтижесін Кремль «бейбітшілікке бір қадам» деп сипаттаса, президент Владимир Зеленский жүздесу барысында соғысты тоқату жөнінде «жаңа идеялар» айтылғанын мәлімдеп отыр.

АҚШ-тың Майами қаласының халықаралық әуежайында Amazon Air компаниясының жүк таситын ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Тағы бесеуі жараланған. Олардың үшеуі хал үстінде жатыр. Қайғылы оқиғаның нақты себебі белгісіз. АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі апатты тергеп жатқанын және оқиға орнына мамандарын жібергенін хабарлады.

Бүгін Непал мемлекеттік деңгейде алапат тасқын құрбандарын еске алды. Қаралы күнге орай ел туы төмен түсірілді. Бірақ іздеу-құтқару оперциялары жалғасып жатыр. Айта кетсек, тамыздың 26-да Гималай тауынан көшкен сел Непал-Тибет шекарасындағы елді мекендерді шайып өтті. Соңғы мәліметке қарағанда, 1287 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы жоғалып кеткен.


Бөлісу