Басты Жаңалықтар Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды

Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды

Жыл сайын Қазақстанда 5-6 мың тоннаға жуық бал өндірілсе оның үштен бір бөлігі ғана экспортталады. Яғни мың тонна ғана. Ал өнімді ептеп өндіріп, көптеп шетке шығаруға кәсіби омарташы мен халықаралық стандартқа сай зертхана жоқ. Дегенмен шығыстағы омарташылар АҚШ пен Еуропаға және Қытайға біртіндеп сатып келеді. Саладағы түйіткілдің түйіні қалай шешілмек? Тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты. 

Соңғы 2-3 жылда ара өсіріп бал өндіретін шаруашылықтардың саны айтарлықтай көбейді. Қазір ел бойынша 230 мыңнан аса ара ұясы болса оның 70 пайызы шығыста. Түркістан мен Жамбыл және Жетісу облыстарында жақсы дамып келеді.Басқа өңірлерде тек отбасылық кәсіп төңірегінде.

Олжас Керейхан, тілші:

Омарташылық екінің бірінің қолынан келе бермейтін кәсіп. Сондықтан оған ерекше төзім керек. Ерінбей күтіп баптасаң бір ұяшықиан бір жазда 40-50 келіге дейін бал аласың. Ал бір омартада 50 мыңнан 100 мыңға дейін ара болады. Олар қазір күзгі нектарды жинап жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі омарташылықты дамыту үшін 2027 жылға дейінгі жол картасын бекітті. Осы құжатқа сәйкес балға қант шәрбаты, жасанды қоспалпр қосылғаны анықталса сатушы жауапкершілікке тартылады.Оған қоса енді әр омартаға ветеринариялық төлқұжат беріледі. Ал зертхананың жоқтығынан балды экспортқа еселеп шығаруда есеміз кетіп отыр.

Валерий қасымбаев, Республикалық омарташылыр қауымдастығының төрағасы:

Бізге зертхана міндетті түрде керек. Ол ең негізгі мәселе саналады. Тек бал емес жалпы ауыл шаруашылығы тауары халықаралық стандартқа сай екенін дәлелдеу керек. Сондықтан ол зертхана дүниежүзі сауда ұйымдарының реестеріне ену керек. Сонда ғана біз әлемдік нарыққа мол өнім ұсына аламыз.

Мол өнім ұсыну үшін омарташылар да көп болу керек. Сондықтан 2019-жылдан бастап Өскемендегі жоғарғы оқу орнында осы салаға маман даярлайтын факультет ашылды.

Алма Кітапбаева, оқытушы:

Ең алғаш оқу бітіргенде 16 студент болатын.Одан кейін біздің студенттердің саны 30-40 тан асты. Былтырғы жылы 76 бітірді. Биыл тағы да 68 студент қабылдап отырмыз. Бітірген мамандардың барлығы 100 пайыз жұмысқа орналасуда.

Қазір ішікі нарықта бір келі балдың бағасы 2500-3000 теңгеден басталады. Ал экспортқа аз дегенде 10 доллардан сатылады. Ол үшін омарташылардың саны мен балдың сапасын арттыру қажет.

Бөлісу