Щучинсктегі жарылыс: Кінәлілер сотталды
Ақмола облысы Щучинск қаласында 12 адамның өмірін қиған дәмханадағы жарылысқа қатысты кінәлілерге үкім шықты.
Сот алдында үш адам жауап берді. Олар – дәмхананы жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ баллондарын жеткізуші. Кәсіпкер соңғы сөзінде мекеменің жұмысын толық басқарушыға сеніп тапсырғанын алға тартты. Сондай-ақ зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, арнайы орталық ашқанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Ал автогаз құю станциясының директоры балонның шамадан тыс толтырылуы өртке себеп болмағанын айтып, өзін ақтауды сұрады. Бірақ екеуі де жауапкершіліктен құтылмады. Кәсіпкер мен автогаз құю станциясының директоры 7 жылға, ал газ баллондарын жеткізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06