Басты Жаңалықтар «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Петропавлда кітапты таныстырды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Петропавлда кітапты таныстырды

Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы сөздер жинағының тұсаукесері өтті. Ел басшысының еңбегінде елдің саяси-әлеуметтік жаңғыруы мен қоғамдық дамудың өзекті мәселелері кеңінен қамтылған. Жылдар бойы айтылған маңызды пікірлер мен пайымды тұжырымдар осы жинаққа топтастырылды. Кітапта мемлекет басшысының әділетті мемлекет құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ел бірлігі мен қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ой-тұжырымдары топтастырылған. Жинақтан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды бастамаларды да көруге болады. «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» – мемлекет басшысының ел болашағына қатысты пайымдарын бір арнаға тоғыстырған тағылымды еңбек. Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, журналистер, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Жарасбай Сүлейменов, СҚО Құрметті азаматы:
Қасым-Жомарт Кемелұлының соңғы 30 жылдың төңірегіндегі сөйлеген сөздері, жазған мақаларындағы қанатты сөздерге айналған терең мағыналы ой-тұжырымдары осы кітапқа топтастырылған екен. Кітапта сала-сала бойынша айтылған ойлар жүйеленген.


Бөлісу