Басты Жаңалықтар Жолдау нәтижелері: Сөзден іске

Жолдау нәтижелері: Сөзден іске

Мемлекеттік басқаруды оңтайландырудан бастап, су ресурстарын цифрландыру, жасанды интеллектінің дамуына дейінгі жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Халықтың пікірінше, Президент Жолдауында елдің алдағы даму бағыты айқындалды. Мәселен, Алатау қаласының құрылысы – Жолдаудағы ірі бастама. Ал жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық сервистер көбейіп, қажетті ақпаратты онлайн алу мен бірқатар қызметті қашықтан пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді, деген пікірде. Яғни бір жыл бұрын айтылған бастаманың бірқатары бүгінде нақты жобалар мен тетіктерге айналып, елдің цифрлық, инфрақұрылымдық дамуына серпін беріп отыр, дейді алматылықтар.

Сауалнама:

Жолдаудың басты мақсаты менің жеке ойым бойынша мынау орындаушы азаматтарға дұрыс бағыт беру. Бұл тек айтылып қойған жоқ, өз жағдайларында,  өз қатарларында өзгеріс енгізді. Көп сатылы мемлекет басқару сатысынан бір сатылы мемлекет басқару сатысына көшіп жатыр. Келісімге келтіру мәселелері қысқарды деген сөз. біздің жасаған жасаған жұмыстарымыздыоңай жеткізу деген сөз.
- Су саласы болашақта болуы мүмкін сын-қатерлер судың жетіспеушілігі сияқты цифрландыру қолға алынған. Жер асты, жер үсті сулардың барлығын цифрландырды. Сонымен бірге, біршама су қоймалары жөндеуден өтті. Сондай оң көрсеткіштер де бар.
Жолдауда Алатау қаласы салынады деп айтылды. Демек әлемнің мықты компанияларамын тәжірибе алмасады біздің жастар. Шетел тілдерін меңгереді, соның арқасында әлемнің алпауыт компанияларында жұмыс істеп, тәжірибе алмасады.
Негізгі жолдауларды сөз емес нақты механизм айтылады ғой. Яғни жастарға ол саясатқа болмаса басқаруға тарту болып табылады. Жолдауда көрсетілгендей бізде жасанды интеллект қарыштап дамып жатыр ғой, бізге тиімділігі – уақытымыздың үнемделуі, маңызды деген ақпаратты онлайн түрде қабылдай алуымыз.
Бөлісу