Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
Қытай әскері Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге дайын. Бұл туралы Қытайдың Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Цзянь Бинь мәлімдеді. Оның айтуынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы қазіргідей жаһандық геосаяси жағдайда тұрақтылықтың негізі саналады. Сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп тұрған ұйым. Сондай ақ, ол өз сөзінде ұйым құрамындағы мемлекеттердің бұған ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.
Цзянь Бинь, Қытай қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығы қарсаңында қытайдың әскери күштері ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштерімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қауіпсіздік – бұл даму мен өркендеудің негізі. Біз халықаралық ұйымның жаһандық қауіпсіздік жөніндегі бастамасын жүзеге асырып, маңызды платформаға айналдыру жолында барлық тараппен жұмысты жалғастыруға әзірміз.
Автор
Әйгерім Ермұханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06