Басты Жаңалықтар Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады

Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады

Индонезияда жанартау оянды. Күл мен шоқтың биіктігі 15 шақырымға жеткен. Осының салдарынан жүздеген ұшақ рейсі жолдан қалды. Оның ішінде халықаралық рейстерде бар. Жергілікті билік тұрғындарға мейілінше үйде отыруға, бетперде тағып жүруге кеңес берді.  

Индонезияда жанартау атқылап, айналаға күл мен шоқ тарады. Осыған байланысты елде 8 әуежай жабылып, 200-ден астам ұшақ рейсі доғарылды. Олардың арасында басты халықаралық терминал да бар. Бұл жағдай 170 мыңнан астам жолаушының сапарына әсер етті. Ондаған мың адам әуежайда сағаттап күтуге мәжбүр.

Эрси Лаксита Рини, жолаушы:

Жанартау атқылауы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда неліктен бізге бұл туралы алдын ала хабарланбағанын ұғу қиын. Вулкан өткен түнде атқылады ғой. Рейстер доғарылатыны айтылса, жолаушылар әуежайға келмес еді.

Сухарди, жолаушы:

Іс-шараларға қатысып, келісім-шартқа қол қоюым керек еді. Алайда енді шығынға баттым. Дегенмен бұл табиғат жоқ. Оған қарсы шыға алмаймыз. Әуе компаниясынан хабарламалар күтеміз.

Вулканнан шыққан күл 15 мың метрге дейін көтеріліп, ел астанасы Джакартаға да жеткен. Отты таудың белсенділігіне байланысты бүгін мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді. Балалар үш күні бойы қашықтан оқиды.

Андра Сони, Бантен провинциясының губернаторы:

Тұрғындарды сабыр сақтауға, абай болуға шақырамыз. Табиғат аясында демалудан уақытша бас тартып, бетперде тағып жүріңіз. Ауаға тарап жатқан күл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Сунда бұғазында орналасқан Анак-Кракатау өткен жұма күні түнде атқылай бастаған. Ал жексенбіде одан тағы екі мәрте лава төгілді. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, цунами қаупі төніп тұрған жоқ.


Бөлісу