Басты Жаңалықтар Мал ұрлығы: 460-қа жуық күдікті ұсталған

Мал ұрлығы: 460-қа жуық күдікті ұсталған

Жыл басынан бері ел аумағында мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 460-қа жуық адам ұсталды. Заңды иелеріне 3 мыңнан астам мал қайтарылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғандардың арасында 107 қылмыстық топтың мүшесі бар. Тамыз айында Батыс Қазақстан облысында жылқы және ірі қара мал ұрлығына қатысты екі адам ұсталды. Тергеу барысында олардың 9 қылмыс эпизодына қатысы бары анықталған. Тергеу деректеріне сүйенсек, олар 15-тен астам мал басын ұрлап, шалғай елді мекенде сойған. Кейін етті сату үшін Ақтөбе облысына жеткізіп отырған. Қазір күдіктілер қамауда. Полиция тұрғындарға малды қараусыз қалдырмауды, GPS-трекерлерді пайдалануды, сондай-ақ малды уақытылы таңбалап, чиптеп және есепке алуды ұсынады. Бұл шаралар ұрлықтың алдын алып, жоғалған малды тез табуға мүмкіндік бермек.


Бөлісу