Басты Жаңалықтар Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті

Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті

Биыл елімізде алғаш рет құмай тазы күні аталып өтті.

Димаш Құдайбергенге Қасым-Жомарт Тоқаев тазы сыйлаған. Димаш «Ғарышкер» деп атапты.

Тазы күнін белгілеу – бірінші кезекте саятшылар ертіп жүрген тазымен фотоға түсу үшін емес. Иә, жер-жерде ұйымдастырылатын көрмелердің де пайдасы бар. Дегенмен түп мақсат – ата-бабаларымыз неге қадірледі? Несіне тәнті болды? Қазақ дегенде неге қасында елестетуіміз керек? – осындай сұрақтардың жауабын білуіміз керек. Екіншіден, тазы тұқымын сақтау, көбейту ісі. Екі жыл бұрын 3 қыркүйекте Халықаралық кинология федерациясы қазақ тазысын алдын ала танып, оған тұқым стандартын бекітіп, Қазақстанды оның шыққан елі ретінде көрсетті.

Соңғы жылдары тазы біздің қазынамыз екеніне мән беріліп жатыр. Ғылым жағынан. Ағарту жағынан. Тіпті жарнама жағынан. Франция президенті Астанаға келгенде біздің Президент қазақы тазы тұқымын көрсетіп, кейін Парижге тазының екі күшігі жеткізілген. 2024 жылдың қарашасында Жюль және Жанна деп атаған тазылармен Қ. Тоқаев пен Э. Макрон Елисей сарайының жанында серуендеді.

Елімізде қазақы тазы төрт мыңнан асты. Алайда нағыз құмай тазы әлдеқайда аз болуы мүмкін. Генетикалық сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

М. Мағауиннің «Тазының өлімі» шедевр шығармасы қасіретке толы. Ең соңында қақпанға түскен текті тазы – Лашын аш қасқырлармен соңғы демі қалғанша алысып өледі. Тазыны енді өлтірмеу керек!


Бөлісу