Басты Жаңалықтар Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр

Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастап тұрмыз. Қырғыз елінде өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасының қоржынында 26 алтын, 14 күміс және 18 қола медаль бар. Бүгін жерлестеріміз 3 спорт түрінде үздіктер қатарынан көрінді.

Алыс қашықтықтағы ат жарысында біздің бестік мәреге бірінші келді. Ережеге сәйкес атқа қонғандар 4 күнде 300 шақырымды еңсеруі тиіс еді. Күміс жүлде еншілеген Қырғызстандық шабандоздардан жерлестеріміз мәреге 2 сағат бұрын жетті.

Жамбы атудың «мажар» стилінен Аружан Ықсан ел қоржынына күміс жүлде салды. Бұрымды мергендер бәсекесінде 30 елдің өкілдері жүлдеге таласты. Ал асық атуда жарыс иелері мен АҚШ спортшыларына есе жіберіп, қоланы місе тұттық. Ертең, жарыстың соңғы күнінде жанкүйер асыға күткен көкпар және көкбөріде Қазақстан мен Қырғызстанның палуандары қос алтын жүлдені өзара сарапқа салады.

Бөлісу