Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Тасқыннан қираған ГЭС туннелінен 2 адам аман табылды

Непалда алапат тасқыннан қираған ГЭС-ке апаратын туннелден бүгін 2 адам  құтқарылды. Олар арада 9 күн өткенде жер бетіне аман шығарылып отыр. Тамыздың 26-да Гималайда мұздық құлап, Тришули өзені тасығанда, туннелдерден 900-дей адам шыға алмай қалған. Жұмысшыларды іздеу операциялары әлі жалғасып жатыр.

Volkswagen 50 000 жұмыс орнын қысқартпақ

Германияның «Фольксваген» автоконцерні 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын мақұлдады. Мұны компанияның директорлар кеңесі мәлімдеп отыр. Кәсіпорын табысының кемуіне сатылымның төмендеуі, шығындардың артуы, әсіресе қытайлық брендтер тарапынан бәсекенің күшеюі себепші.

Эль-Ниньо құбылысының ықпалы 2027 жылға дейін сезілуі мүмкін

Эль-Ниньо климаттық құбылысы жыл соңына таман күшейіп, оның ықпалы келер жылға дейін сақталуы мүмкін. БҰҰ-на қарасты Дүниежүзілік метеорология ұйымы осылай деп мәлімдеді. Бұл әлемнің көптеген аймағында сезіледі. Мысалы, кей жерлерде аптап ыстық болса, өзгелерінде жауын-шашын күшеюі ықтимал.  Бұл ауылшаруашылық, сауда, балық аулау, денсаулық сақтау, су ресурстары тәрізді бірқатар салаға айтарлықтай шығын әкеледі деген алаңдаушылық басым. 

Трамптың портреті ақша бетінде пайда болды

Дональд Трамп соңғы жүз жылда тірі кезінде ақша бетінде портреті пайда болған алғашқы АҚШ президенті атанды. 1-долларлық тиындарда Трамптың жүзі мен «Бостандық» деген сөзді көруге болады. Монета АҚШ-тың 250-жылдығына арналып соғылған.


Бөлісу