Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қоржында 21 алтын
Қырғыз елінде өтіп жатқан VI Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қоржында 21 алтын бар. Бүгін жерлестеріміз: бәйге, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу мен арқан тартыста олжалы болды. Ыстықкөл жағалауынан әріптесіміз Азат студиямен тікелей байланыста. Азат, тағы қай спорт түрлерінде жерлестеріміз жарыс жолында?
Азат Қадырбек, тілші:
Алғашқы алтынды мергендер сыйлады. Әлемнің 52 елінен 196 спортшы жүлдеге таласқан дәстүрлі садақ атуда Әсемгүл Ғалымжанова үздік шықса, Айкөркем Батихан күміс медаль олжалады. «Пута» нысанасында алтын және қола жүлде де Қазақстан құрамасына бұйырды. Күрестен 3 отандасымыз финалға дейінгі қарсыластарын қоғадай жапырды. Нәтижесінде қазақтың қара бурасы Нұрдәулет Жарылғапов пен Нұрдәулет Бақтыбайұлы күміс жүлдегер атанды. Ал ең жеңіл салмақ – 60 келіде бір апта бұрын Әлем чемпионы атанған Ернұр Сүлеймен әлемінің үздігі екені кезекті рет дәлелдеді.
Азат Қадырбек, тілші:
Мыңдаған көрермен тапжылмай тамашалаған ұшқыр бәйгенің 2400 метрлік қашықтығында өзгелерден зерек болған Рамазан Табылдиевтің тізгініндегі Зерек атты тұлпарымыз мәре сызығын бірінші болып кесті. 18 шақырымдық топ бәйгеде де топ жардық. Балғын шабандозымыз Ерсұлтан Жарқын қарсыластарын бір айналым басып озып, мәреге жеке дара келді.
Азат Қадырбек, тілші:
Теңге ілуде 10 мемлекеттің ат құлағында ойнаған жігіттері сынға түсіп,
финалда отандасымыз Қанат Бақтыбай 26 теңгенің 25-ін ілді. Әлем назарын
аудартқан арқан тартыста да бүгін алтын жүлде қанжығамызға бұйырды. Ернұр, дәл
қазіргі сәтте нәтижелер осындай. Қырғызстаннан сүйінші жаңалық күтіңіздер.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06