Басты Жаңалықтар «Өзіңнен баста» жобасының тағы бір маусымы аяқталды

«Өзіңнен баста» жобасының тағы бір маусымы аяқталды

Астанада жыл сайын өтетін «Өзіңнен баста» әлеуметтік-спорттық жобасының кезекті маусымы аяқталды. Бастама аясында жаз бойы қала тұрғындары үшін ашық аспан астында тегін жаттығулар ұйымдастырылды. Ауқымды бастама биыл 14 мыңға жуық адамды қамтыған.

«Өзіңнен баста» спорттық жобасы биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Белсенді астаналықтар күн сайын бір сағат Триатлон паркі мен Ботаникалық баққа жиналып, дайындықтарын шыңдады. Кәсіби жаттықтырушылар спортқа қызығатын азаматтарға онлайн түрде де тегін сабақтар өткізген.

Махамбет Шахатов, «Өзіңнен баста» жобасының жаттықтырушысы:

6 жаттықтырушымыз бар. Олардың барлығы ЖОО-нан дипломдары бар тәжірибелі жаттықтырушылар. Жаттығулар самооборона бағытында өтеді. Қалаған адам, кішкентай жастан бастап, әйелдер жасөсіпірімдер, ересек адамдар қатысуы мүмкін.

Қатысушылардың қызығушылығы жоғары. Ұйымдастырушылар белсенді азаматтарды ынталандыруды да ұмытпайды. Ай сайын жаттығуларға тұрақты қатысып, өзгелерге үлгі болған қала тұрғындары диплом және  арнайы медальдармен марапатталады.

Рүстем Тұрғали, қала тұрғыны:
Негізі бұл академияны бұрыннан білемін. Тегін жаттығулар болғаннан соң. ММА, жекпе жек бойынша ұнады өзіме жаттығулар. Негізі бұл барлық адамдарға мүмкіндік береді. Себебі спорт әр жаста пайдалы ғой.  
Бұдан бөлек биыл елорда тұрғындары үшін 4 түрлі спорттық жоба ұйымдастырылды. Олардың қатарында Aula Fit, ашық аспан астындағы йога, скандинавиялық жүріс және Street Workout бағыты бар. Жобаға 45 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар келесі жылы да жалғасады.


Бөлісу