Қазақ тілінің цифрлық қоры 14 млрд токенге жетті
Қазақ тілінің жасанды интеллект саласындағы қолданыс аясын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде ана тіліміздегі мәтіндердің цифрлық қоры 14 миллиард токенге, ал аудиодеректер базасы 12 мың сағатқа жеткен. Жасанды интеллектінің қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыру дәлдігі 98%-ға артты. Бұл туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI компаниясының бірлескен жұмысының нәтижелері таныстырылған жиында айтылды.
Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
Деректерді архивтерден, музейлерден, кітапханалардан, басқа да ресурстардан жинақтап, жүйелеп, арнайы дерекқор ретінде құрастырып беріп отырмыз. Осылардың арқасында біз чат джипитиді қайта үйретіп жатырмыз. Соның арқасында аударма құралы ретінде де, адамзат біліміне қатысты білімді қорытып айтатын құрал ретінде де қатесіз жауап бере алатындай болуы керек.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23