Volkswagen компаниясы 50 мың жұмыс орнын қысқартпақ
Германияның «Volkswagen» автоконцерні 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын мақұлдады. Мұны компанияның директорлар кеңесі мәлімдеп отыр. Осылайша, «Volkswagen» штатының саны жалпы алғанда 2030 жылға дейін 100 мыңға азаятын болды.
Айта кетсек, «Volkswagen» тобына «Ауди», «Порше», «Шкода» да кіреді. Кәсіпорын табысының кемуіне сатылымның төмендеуі, шығындардың артуы, әсіресе қытайлық брендтер тарапынан бәсекенің күшеюі себепші. Бұған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамптың импорттық тауарларға тарифті көтеруі де неміс машиналарын Америка нарығына енгізуді қиындатып отыр.
Даниэла Кавалло, Volkswagen компаниясының өндірушілермен жұмыс жөніндегі кеңес меңгерушісі:
Дәл қазіргі уақытта, әрине, жұмысшылар арасында алаңдаушылық басым. Ақпарат құралдары Ганновердегі зауыт жабылатындар қатарына кіреді деген мәлімет таратып отыр. Мұның бәрі адамдарға қалай әсер етуі мүмкін? Ал кейбір әріптестеріміз 2030 жылдан кейін бізді не күтіп тұр деп уайымдайтын болды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06