Пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін
Елде тек әйелдер отыратын вагондар көбеюі мүмкін. Пойыз билеттерін сату жүйесіне өзгеріс енгізу жайы қарастырылып жатыр. Бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушыларының ұсыныстарынан кейін көтерілген. Олар Түркиядағы тәжірибені мысалға келтірді. Онда бір-бірін танымайтын ер және әйел жолаушыларға бір купеден билет сатылмайды. Егер купедегі алғашқы орынды ер адам сатып алса, қалған орындар ер адамдарға ұсынылады. Әйел адам бірінші болып билет алса, купеге әйелдер орналастырылады. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы мұндай жүйені Қазақстанда енгізу жайы зерттеліп жатқанын мәлімдеді. Алайда оны енгізу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған және жаңа тәртіптің қашан іске қосылатыны белгісіз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркі елдері кәсіподақтарының футзал турнирі басталды
04.09.2026, 10:41
Қазақы тазы тұқымын көбейтуге үлес қосқандар марапатталды
04.09.2026, 10:30
Қазақ тілінің цифрлық қоры 14 млрд токенге жетті
04.09.2026, 10:20
Президент мақаласына қытайлық сарапшылар пікір білдірді
04.09.2026, 10:18
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмыс орнын қысқартпақ
04.09.2026, 10:13
АҚШ-та Трамптың портреті ақша бетінде пайда болды
04.09.2026, 10:12
Қарағандылық оқушы Солтүстік полюске саяхаттады
04.09.2026, 10:11
БҰҰ Бас ассамблеясы Қазақстанның бастамасын қабылдады
04.09.2026, 10:10