VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қоржынға қос алтын түсті
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кезекті жарыс күні жерлестеріміз үшін табысты өтіп жатыр. 20 спорт түрінде жарыс жолына шыққан Қазақстан құрамасының өкілдері дәл қазіргі сәтте аударыспақ, арқан тартыс, самбо және құсбегілікте жүлде еншілеп үлгерді. Чолпон Атадан әріптесіміз Азат Қадырбек бізбен тікелей байланысқа шығып отыр. Азат, жарыс күніне шолу жасап өтсеңіз.
Азат Қадырбек, тілші:
Бүгінгі бәсекелерге тоқталмас бұрын кеше әлем назарын өзіне аудартқан арқан тартыс шеберлері бәсекесінің финалын еске түсірсек.Құрыш білекті жігіттердің жарысында жерлестеріміз финалға дейін жетіп, алтын жүлденің тағдыры шешілген сында қырғыз құрамасынан басым түсті. Бүгінде арқан тартыстың 4х4 бағдарламасында тағы да чемпион атандық. Біздің квартет жұмыла жұдырық болып өнер көрсетіп, қоржынға кезекті алтын жүлдені салды. Бозкілем бәсекелерінде жерлестеріміз бүгін де жеңімпаздар қатарында. Самбо күресінің 79-келі салмағында Еркебұлан Нығметов пен 64-келіде Жандос Бейсенбаев қолаға қол жеткізді. Ал жауырыны жерге тимеген Болат Сапар аса ауыр салмақтың жеңімпазы атанды. Ат үстіндегі күресте бүгін 3 салмақтың екеуінде жігіттеріміз финалға шығып, қазақстандық-қырғызстандық бәсекелестік жалғасын тапты. Аударыспақта құрама көшбасшысы 38 жастағы Сырым Ізбасаров бұл жолы да жанкүйерлерін жерге қаратпады. Қарсыластарын бірде-бір ұпайды ұсынбаған ардагер спортшы көшпенділер ойындарының 3 дүркін чемпионы атанды.
Сырым Ізбасаров, VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы:
Аударыспақта Дарын Өткелбай да бүгін жеңілістің кермек дәмін татпады. Көкпарда
Қазақстан Ресей командасынан 14:1 есебімен басым түссе, Қырчын аймағында
жалғасып жатқан құсбегілік жарысында дәл қазіргі сәтте 4-жүлде еншілеп
үлгердік. Ернұр, дәл қазіргі сәттегі нәтижелер осындай. Қырғыз елінен жағымды
жаңалық күтіңіздер!
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06