Түркияда екі кеме соқтығысып, бірі батып кетті
Түркияның Ыстанбұл қаласының маңында екі коммерциялық кеме соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір экипаждың 10 мүшесі іздестіріліп жатыр. Мұны «Анадолы» агенттігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, су көліктерінің бірі Мәрмәр теңізіне батып кеткен. Ізім-ғайым жоғалғандар іздестіріліп жатыр. Бұл операцияға жағалау сақшылары, теңізші жауынгерлер, төтенше жағдай қызметінің бригадалары тартылған. Оларға көмекке 18 қайық, бес тікұшақ, екі дрон мен өзге де техника жұмылдырылды. Екінші кемеге зақым келген жоқ. Қазір апаттың себебі тергелу үстінде.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06