Әлеуметтік қолдау күшейді
Елімізде биыл бірқатар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшері артты. Зейнетақы да 10 пайызға өсті. Жаңа мөлшердегі төлемдер 1 қаңтардан бастап есептеліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 4 триллион 857 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Шымкентте бұл өзгеріс 100 мыңнан астам зейнеткерді қамтыды.
Әшірбек Әбдуәлиев, зейнеткер:
Ақша бұл - энергия. Ақша көбейген сайын қариялардың денсаулығы мықты болады, энергиясы көбейеді. Әрбір елдің көрсеткіші қариялардың өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші. Сол үшін Үкімет бізге осынша қамқорлық жасап жатыр.
Мария Нұрымбетова, зейнеткер:
Он жыл бұрын зейнетке шықтым, жылда қосылып жатыр. Биыл он процентке өсті. Мынадай керемет орталық ашылған. Орталықта өзіміз баратын жерлеріміз бар, ұйымшыл қыздар-балдар бар. Соның бәріне өте керемет көмек.
Әлеуметтік қолдау табысы төмен отбасыларды да қамтиды. Биыл елімізде атаулы әлеуметтік көмекке 19 миллиард 700 миллион теңге бағытталып, 208 мыңнан астам адам осы қолдауды алған. Негізгі мақсат - отбасы табысын арттырып, кедейлік шегінен шығуына көмектесу. Шымкентте бұл көмекті алушылардың саны былтырмен салыстырғанда 60 пайызға азайған.
Дәрия Ордабаева, Абай ауданы бойынша мансап орталығының басшысы:
Мұқтаж, аз қамтылған отбасыларға уақытша көмек, кедейлік шегінен шығу, жұмысқа қабілетті азаматтар болса, жұмыспен қамту. Өзінің жағдайын жақсартып, кейінге АӘК алуға жүгінбеу үшін жасалатын жұмыстарымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы