Бейжіңдегі фотокөрмеде Қазақстан тарихын көрсетті
Бейжіңде ерекше фотокөрме өтті. Ерекшелігі сол – мұнда жасанды интеллектімен өңделген бірегей суреттер қойылған. Дені бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған қазақ елінің тарихынан сыр шертетін туындылар. Бірақ жасанды инттелект тарихи бейнені өзгерту үшін емес, сақталған түпнұсқа материалдарды өңдеп, сапасын жақсарту арқылы халықаралық қауымдастыққа таныстыру үшін қолданылған. Бейжіңнен тілшіміз Әйгерім Ермұханқызының бейнематериалы.
Бұл фотобейнелер осы уақытқа дейін Ұлттық орталық музейінің қорында сақталып келген. Сапасы нашар болған соң еш жерде жарияланбаған. Ұйымдастырушылар заманауи технологияның көмегімен қайта жаңғыртты. Бірақ жасанды инттелект тарихи бейнені өзгерту үшін емес, сақталған түпнұсқа материалдарды өңдеп, сапасын жақсарту үшін қолданылған.
Ерсін Жайнақов, ҚР Ұлттық орталық музейдің ғалым-хатшысы:
Қытай жұртшылығына таныстыра отырып оны өзіміздің музейдің қорындағы экпонаттардың суреттерімен дәлелдей отырып осы көрмені ұйымдастырып отырмыз. Бұл жерде суреттің мазмұнын өзгерткеніміз жоқ. Немесе жоқтан бар жасаған жоқпыз. Біз бар суреттің сапасын арттыру үшін ғана. Суреттердің мазмұнын көрсетіп отырмыз.
Көрмеге 40 дана экспонат қойылды. Онда көшпенділердің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, киім үлгісі, зергерлік бұйымдары, қару-жарақ, мәдениеті айқын бейнеленген.
Фотокөрме терең әсер қалдырды. Мен Орталық Азияны зерттеу бағытында жұмыс істеймін. Қазақстанда бірнеше рет болғам. Қазақ халқының көшпелі мәдениеті маған ерекше ұнайды. Бүгін жасанды интеллект пен көшпелі мәдениетті ұштастыра отырып жасалған фотожұмыстарды көріп отырмыз. Бұл зерттеуші үшін құнды мәліметтер. Мен бұған қуанып тұрмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы