Еліміздегі су жүйесінің бірсыпырасы жаңартылды
Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынып, 37 нысан жаңартылды. Бұл 2028 жылға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асады. Басты мақсат – су шаруашылығы саласын дамыту. Тіршілік нәрін үнемдеу де назардан тыс қалған жоқ. Бір жылда 543 мың гектар жер су үнемдеу технологияларымен қамтылды. Нәтижесінде ысырап болуы мүмкін шамамен 874 млн текше метр сақталды. 2030 жылға қарай су үнемдеу көлемін шамамен 2,2 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Түркістан облысында «Қарақуыс» және «Бәйдібек ата» нысандарының құрылысы жалғасып жатыр. Олар шамамен 69 млн м³ қосымша су жинауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмасымен іске асып жатыр.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06