Шымкентте мектептерде санитариялық бақылау күшейді
Шымкентте жаңа оқу жылы басталысымен мектептерде санитариялық бақылау күшейді. Шаһардағы білім ошақтарының барлығы мониторингтен өтті. Енді әр таң сүзгіден басталады. Вирустық инфекция, тұмау немесе COVID белгілері байқалған оқушы сабаққа жіберілмей, ата-анасы келгенше оқшауланады. Бұл сақтықтың себебі де бар. Шаһарда осы жылдың жеті айында 148 мың адамнан вирустық инфекция анықталған, оның 60 пайызы балалар арасында тіркелген. Ал сыныптағы аурушаңдық 30 пайыздан асса, сабақ онлайн форматқа көшіріледі.
Айгүл Тұрымбетова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Тек қана балалардың емес, жұмыскерлердің де, мұғалімдердің де жағдайы қаралады. Өйткені ұйымдасқан ұжымға инфекцияны алып кірмеу керек. Қатты сақтанатын болсақ аурудан құтылып кетеміз, тек сақтанбай қалып жатырмыз, бүгін ауырсам ештеңе қылмайды ертең жазыламын деген оймен таратып жүргенімізді ойламай қаламыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06