IT экспорты 1 миллиард доллардан асты
Қазақстанның IT саласындағы қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Бұл – Президенттің Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру тапсырмасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Қазір еліміз цифрландыру бойынша әлемдегі 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Бүгінде мемлекеттік сервистің 90 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі. Сондай-ақ биыл Қазақстанның ұлттық суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты 500 есептеу жүйесінің қатарына кіріп, 86-орынға ие болды. Қазір Astana Hub экожүйесінде 2 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Министрлік 2030 жылға қарай елімізде 10 мыңға жуық жасанды интеллект маманын даярлап, IT-қызметтер экспортын 5 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06