Непалдағы алапат тасқыннан аман қалған жалғыз үй
Непалда алапат тасқыннан аман қалған үй әлемде беріктік пен үміттің символына айналды. Ол қалайша сұрапыл су апатына төтеп берді? Бұл сауалға мамандар жауап берді.
Жасыл түсті жұмбақ үй осы. Непалдың Нувакот ауданында, Тришули өзенінің бойында орналасқан. Тамыздың соңында нөпір су мен Гималайдан көшкен батпақ пен тасжолындағы көпірлерді, отельдерді, автомобильдерді, ғимараттарды жайпап өткенде, бұл үй жалғыз өзі аман қалды. Сөйтіп ол бүкіл әлемде миллиондаған адам үшін беріктік пен үміттің символына айналды.
Мұнда кімдер тұрған? Әлем ақпарат құралдарының дерегінше, қожайыны - Пракаш Пандей Пьякурел есімді азамат. Отағасы үйде ата-анасымен, әйелімен, екі баласымен тұрған. Олар алапат селдің жақындап қалғанын дер кезінде байқап, уақыт оздырмай төбеге шығып, құтқарушылар тікұшағын күткен. Қазір бәрі тірі.
Пракаш Пандей Пьякурел, аман қалған үйдің қожайыны:
Біз Құдайға мадақ айттық, құтқар дедік. Сонда да біткен жеріміз осы деп ойладық. Соңғы рет бірге болайық деп отбасымызбен бір жерде отырдық. Ақырғы минутымыз жақындап қалғандай. Сол сәтте басымда осындай жаман ойлар болды.
Жасыл үй қалайша аман қалды? Бұл – басты сұрақ. Әлеуметтік желі «дүниедегі ең мықты цемент» деп әзілдеп жатқанда инженерлер мен сәулетшілер үнсіз отыра алмады. Ғылымға негізделген жауабын берді. Айтуларынша, ғимарат шамамен 40 жыл бұрын бой көтеріпті. Қаңқасы – болат арматуралы темірбетоннан, ал берік іргетасы терең құйылған. Бұған қоса – орналасуы ыңғайлы. Жұрт сиқырлы деп айдар таққан үй өзгелерден сәл биіктеу, оның үстіне тасқынның ең сұрапыл ағынынан біршама алыстау тұр. Сол себепші таудан көшкен тас пен ағаштар оның жанынан өтіп кеткен екен.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПетропавлда Өнер университетінің өкілдігі ашылды
02.09.2026, 20:14
«Ертіс орманы» резерватына кіру енді ақылы болмақ
02.09.2026, 20:13
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
02.09.2026, 20:06
2 жылда 54 кен орны ашылды
02.09.2026, 20:05
БЖЗҚ-дағы 63 млрд теңге: Мұрагерлер ақшаны қалай алады?
02.09.2026, 20:05
Семейден әлемге: БҰҰ Ядролық сынақ зардабын тағы да еске салды
02.09.2026, 20:05